Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рас-Лаффан газ кешеніндегі жарылыс: Тоқаев Катар әміріне көңіл айтты

Тоқаев пен Қатар әмірі
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.

“Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын”, – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 21 маусымда Қатардағы Рас-Лаффан газ кешенінде жарылыс болды. Бұл – сұйытылған табиғи газ өндіру және экспорттау бойынша әлемдегі ең ірі орталық.

Қатар Энергетика министрлігі мен мемлекеттік QatarEnergy компаниясы 13 адамның қаза тапқанын ресми түрде растады. Тағы 66 қызметкер түрлі дәрежедегі жарақат алған. Оқиға орнында ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Қатар энергетика министрі Саад әл-Кааби бұл жағдай ішкі техникалық ақау салдарынан болғанын, диверсия немесе жау тарапынан жасалған шабуыл емес екенін атап өтті.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 22 Маусым, 2026 20:19