Шымкентте автокөлігіне Z әрпін жазып алған жүргізушіге қатысты іс қозғалды
Шымкентте автокөлігінің артқы терезесіне "Z" әрпін жазып қойған жүргізушіге қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
"2 наурызда патрульдік полиция қызметкерлері С. Бәйтереков көшесінде артқы әйнегіне Z белгісін жазып қойған жүргізушіні тоқтатты. Тұрғынға оның әрекеттерінің заңсыздығы туралы хабарланды. Kia Soul автокөлігінің жүргізушісіне 590-баптың 5-бөлігі (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бапқа сәйкес, құқық бұзушыға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады", – делінген хабарламада.
Алматы полицейлері "Z" әрпін жазып алған көлікке қатысты тексеріс бастады
Айта кетейік, Украинада арнайы операция өткізіп жатқан Ресей әскери техникаларында да дәл осындай "Z" әріпі жазылған еді.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”