Шымкентте полиция инспекторлары қамқорлық танытқаны үшін бастыққа 5-10 мың теңге төлеп келген
Шымкентте сыбайлас жемқорлықұа қарсы іс-қиымыл агенттігінің қызметкерлері жүйелі жемқорлық фактісінің алдын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Жүйе бойынша кінәлілер ұзақ уақыт бойы пара алып келген.
"8-ші ротаның командирі әшкереленді. Ол жүйелі негізде инспекторлардан қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін 5-тен 10 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алған", - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай ағымдағы жылдың 7 шілдесінде ҚР қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес Шымкент қаласының тергеу соты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша сәуір айынан бастап қылмыстық қудалау орбитасына 30-дан астам полиция қызметкері мен олардың сыбайластары тартылған. Оның ішінде 4 айыпталушы соттың шешімімен қамауға алынған.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр