AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлігіне жалған нөмір тағып жүрген талдықорғандық депутаттың жүргізушісі айыппұлмен құтылды

Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық соты көлігіне жалған нөмір тағып жүрген депутаттың жүргізушісін айыппұлмен жазалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Д. Жарасбаев коллаж

Алматы облыстық сотының мәліметінше, 11 шілдеде М. есімді азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен, яғни көрнеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын басқару бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сот полиция қызметкерлері 2022 жылғы 26 мамырда көрнеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын басқарған жүргізуші М.-ның басқаруындағы KIA KN (quoris) маркалы автокөлігін тоқтатқанын анықтады.

Сондай-ақ бұл факті бойынша Дүйсенова С. "angry_taldyk" парақшасында видео жариялағанын да қосты. Айта кетейік, бұл оқиға туралы алғаш болып журналист Сандуған Дүйсенова хабарлаған еді.

Сотта азамат М. өз кінәсін толығымен мойындаған.



Соттың үкімімен М. ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, ағымдағы 27 мамырында Алматы облысы мәслихатының хатшысы Дәулет Жарасбаевтың жүргізушісі көлігіне жалған нөмір тағып алғаны анықталған. Депутаттың жол қозғалысы ережесін бұзғанын білген жергілікті белсенді оқиғаны бірден видеоға жазып алған. Дүйсенованың айтуынша, ол Жарасбаевтың қылмысын әшкерелеу үшін күні бойы соңынан жүрген.

Кейіннен депутат жүргізушісінің қылмысын әшкерелеген екі полицейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пара алды деген айыппен ұстағаны белгілі болды.

Бұл оқиғаға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік түсінік те берген. Агенттіктің мәліметінше, екі оқиғаның бір-бірімен байланысы жоқ.
Ал арада біраз уақыттан кейін екі полицейдің босатылғаны туралы ақпарат тарады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр