AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда жалған нөмірмен жүрген депутаттың көлігін тоқтатқан екі полицей парамен ұсталды

Бұған дейін Алматы облысы мәслихатының хатшысы Дәулет Жарасбаевтың жүргізушісі көлігіне жалған нөмір тағып алғаны анықталған еді. Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеген. Бүгін депутаттың қылмысын әшкерелеген екі полицейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пара алды деген айыппен ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дуйсенова 2022

"Қасым-Жомарт Тоқаев, жаңа Қазақстанды осылай құрасыз ба? Кеше Талдықорған қаласының екі жол полициясы Алматы облысы мәслихатының хатшысының жалған нөмірмен жүрген жүргізушісін ұстауға көмектесті. Ал бүгін олардың өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұстап жатыр. Бұл бассыздық қой", – дейді Дүйсенова жұма күні тараған видеода.

Бұл оқиғаға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік түсінік берді. Агенттіктің мәліметінше, екі оқиғаның бір-бірімен байланысы жоқ.

"Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облысының екі жол полициясы қызметкерін ұстағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұған дейін полицияның мәслихат хатшысын жауапқа тартқаны туралы жария болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атынан бұл фактілердің өзара ешқандай байланысы жоқ екенін хабарлаймыз", – делінген ақпаратта.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр