Көкшетауда полицейлер қылмыстық істі жабу үшін 50 мың доллар көлемінде пара алған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Көкшетау полицейлеріне қатысты тергеу бастады. Полицейлер қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
“2022 жылдың 8 шілдесінде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды”, – делінген хабарламада.
9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды