AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте шенеуніктер мемлекеттік емхананы жеке кәсіпкерге өткізіп жіберген

Шымкентте шенеуніктер мемлекеттік емхананы ешқандай ғимараты мен медициналық жабдығы жоқ кәсіпкерге беріп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

70 мыңға жуық халық сапалы медициналық көмекке қолы жетпей сабылып жүр. Тіпті қарапайым қан алдырып, ине салдырудың өзі мұңға айналған.

Халық емхананы жекенің қолына берген жауаптылардың жазалануын талап етіп отыр.   

Кезінде №12 емханаға тіркеліп медициналық көмек алып ткелген 70 мыңға жуық шымкенттік екі айдан бері кімге ине салдырып, кімнен дәрі аларын білмейді. Себебі, мемлекеттік емхананы денсаулық сақтау басқармасындағылар жекеменшік кәсіпкерге тіркеудегі тұрғындарымен бірге өткізіп жіберіпті. Ал кәсіпкердің көмек көрсетпек түгілі, өз ғимараты жоқ дейді. Сондықтан жұрт дәрігерге көріну үшін Шымкенттегі өзге медициналық ұйымдарға сабылып кеткен. 

"Дәрігерге қаралу үшін басқа жерге барамыз. Одан шығып мына жерге барамыз, одан шығып тағы "Пушкинге" барамыз. Одан шығып врачқа көріну үшін "Элегантқа" барамыз. Бір дәрігерге қаралуға азаннан кешке дейін жүреміз.  Содан халықтың бәрін мына жаққа өткізген еді, енді ашылмай тұр. Бала-шағамыз екпе алуға қиналып жатыр. Қалаға барып жатыр", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлжарқын Елшібаева.

Шенеуніктер тендер арқылы емхананы саудаға салған кезде ғимаратын да беріп жіберіпті. Сатып алу құны небәрі 6 жарым миллион теңгеге бағаланған. "Бір кәсіпкердің мүддесі жалпы елдің денсаулығынан басым боп тұр" дегендер емхананы сатуға қойғандар түгел тексерілсін дейді. 

"№12 емханамыз болады. Осында 69 мың халық тұрады. Емхананы Тұрабеков Қабылжанға былтыр 9-қарашада халықтың келісуінсіз сыртынан барлығын өткізіп жіберген", - дейді қала тұрғыны Оңғар Кенжеев.

Төребеков Қабылжанның ешқандай ғимараты, құрылғылары да жоқ. Пазилов сатып отыр, Бақытжан. Автоматты түрде соған өткізіп жіберген. Тұрғындар айыптаған азамат денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Бірақ бүгін оның орынбасары жауап берді. Айтуынша 12 бөлімшеден тұратын емхананың сегіз ғимаратын онсыз да жалға алып келген екен. Ол бюджетке салмақ болған соң тендер өткізіп, жеке кәсіпкердің жеңіп алғаны рас дейді. 

"Сенімгерлік басқаруды 15 жылға алған кәсіпкердің толық сатып алуға құқы жоқ. Бұл уақытта ол емханаға үздіксіз инвестиция құйып сапалы жабдықтармен қамтығанынан бөлек, жаңа ғимарат салып беруге тиіс. Қазіргі көрсетіп жатқан сапасына көңіліміз толады. Ал егер кемшіліктер жіберсе, онда сенімгермен арадағы келісімшартты бұзамыз", - дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Тілеуов.

"Сенімгерлік басқаруды алған кәсіпкерге көңіліміз толады" деген шенеуніктер елдің шуын өөзінше топшылайды. Яғни бұл айқай-шуды тендерден  ұтылып қалған өзге кәсіпкерлер ұйымдастыруы мүмкін деп отыр. 

Жалпы Шымкентте мемлекеттік емханаларды жаппай жекеменшікке өткізу шенеуніктерге трендке айналған.

Жан басына қаржыландыратын болған соң медициналық көмек көрсету үлкен бизнес көретіндер арасында талас көбейді. Бұл сенімгерлер арасында бәсекелестікті күшейтіп, сапаны көтереді деп күтілгенімен, Шымкентте сенімгерлердің ойыны тек елдің мазасын кетіріп тұр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр