Шымкентте сегізінші сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды
11 қаңтар күні Шымкентте 8-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында есінен танып, көп ұзамай көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sportishka.com
Қайғылы оқиға Шымкенттегі №48 мектепте болған.
"2010 жылы 11 маусымда туған Ғаниұлы Тұрдалы есінен танып қалды. Мектеп медбикесі Гүлжамал Розиева тез арада жаттығу залына жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Шақыру бойынша келген жедел жәрдем бригадасы арнайы топ шақырған. Алайда екінші жедел медициналық көмек келгенше баланың жүрегі тоқтап, көз жұмды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ департамент қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатқанын айтты. Қаза болған ұл отбасындағы ортаншы бала.
- Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы көз жұмды
- Ақтөбедегі мектепте оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы партаның бұрышына соғылып көз жұмғанын жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"