Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы партаның бұрышына соғылып көз жұмды
Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Қайғылы оқиға №27 білім беру мекемесінде болған. Жетінші сынып оқушысы партаның бұрышына соғылып құлап түскен.
"Бәрі аң-таң. Қызым оқиға үшінші қабатта болғанын айтты. Ол сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырықтан аттап, тамағын үстелдің бұрышына соқты", – деді мектеп оқушыларының бірінің анасы.
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты ақпаратты растады.
"13 жасар бала мектепте құлап, үстелдің бұрышына соғылды. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Қарау кезінде ұйқы артериясында пульсация болмады, қан қысымы анықталмады. Есі жоқ, иек тұсы жараланған. Дереу реанимация басталды. Сағат 11:25-те көз жұмды", – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі өзгеріп, Энрике Иглесиас концерт береді: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады