Ақтөбедегі мектепте оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбедегі мектепте оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен Ақтөбе қаласының прокуроры жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
“Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды”, – делінген мәліметте.
- Мұғалім де сол жерде болған. Ақтауда мектеп оқушысын сабақ кезінде ит тістеп алды
- "Оқушыға ұрысып, итеріп жіберген": Алматы облысында мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Сыныптастарының айтуынша, мектеп оқушысы Новиков сыныпқа жүгіріп кіріп, құлап, партаға соғылған. Жетінші сынып оқушысы Ақтөбедегі орталық балалар ауруханасында көз жұмды.
Оқиға орнында полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен Ақтөбе қаласының прокуроры жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін 13 жастағы оқушы партаның бұрышына соғылып көз жұмғанын жазғанбыз.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан
