Шымкентте 7 келі салмақтағы нәресте дүниеге келді
Шымкентте қалалық перинаталдық орталықта нәресте 7 келі салмақта дүние есігін ашты. Батырдың туған кездегі бойы 63 сантиметр болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Акушерлік тәжірибеде 4-5 келі салмақпен туылған балалардың өзі әдетте рекордтық көрсеткіш деп саналады. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің анасына кесар тілігі арқылы ота жасалып, ол 3 ақпанда дүниеге келген. Бұл оның екінші перзенті.
"Біздің перинаталдық орталықта күніне 30-дан астам сәби дүниеге келеді. Бізге жүктілігінің 39 аптасындағы әйел түсті. Тексеру барысында оның іштегі сәбиі өте үлкен екенін анықтадық. Содан кеңес жинап, әйелдің кесарь тілігі арқылы босану керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Ана мен бала 5 күн бойы біздің қарауымызда болып, кейін үйлеріне шығарылды",- деді акушер-гинеколог Данияр Жарқынов.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді