AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте полиция департаменті баспасөз хатшысының өз-өзіне қол жұмсауы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жүргізуде

Шымкентте өз-өзіне қол жұмсамақ болған қалалық полиция департаменті баспасөз хатшысының ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Stan.kz ақпарат агенттігіне оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. 

“Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы М. Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша ҚК 105-бабы 1-бөлігі (жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде”, – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеліп жатқандар мен қылмыстық істің өзге де мән-жайы тергеу құпиялығына байланысты жариялауға жатпайды.

Айта кетсек, Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекеева деп көрсетілген аудио жазба әлеуметтік желіде үлкен талқылауға түскен. Онда әйел адамның қызметкеріне жекіп сөйлеп, былапыт сөздер айтқанын естуге болады. Тіпті жұмыстан босату жөнінде мәселе қарайтындығын жеткізген дауыс иесі, әдеп нормаларын сақтамай, аузына келген ағат сөздерді қарша боратқан.

Бекеева өзіне қатысты даудан кейін суицид жасамақ болған. 

Ведомство өкілі өзіне қол салмас бұрын Facebook желісінде жазба жариялаған. Онда жазба авторы басшылықтан қысым көргенін және өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтады.  

Өз жазбасында Мөлдір Бекеева ПД жаңа басшылығын айыптап, мұндай қадамға баруына мәжбүр еткенін жеткізді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр