Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте сабақ үстінде өзіне қол жұмсаған оқушының қалай көз жұмғаны белгілі болды

Шымкентте мектеп оқушысы сабақ үстінде қаза тапты. Полиция жағдайды тергеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады деген нұсқа бар. Оқиға қаладағы жекеменшік оқу орындарының бірінде болған. 14 жастағы оқушы сабақ үстінде қатты ауырып, есінен танып қалған. Мәліметтер бойынша, оқушы қыз сабақ уақытында сұранған, бірақ мұғалім оны жібермеген. Салдарынан жедел жәрдем келгенше қыздың жүрегі тоқтап қалған.

“Науқас өте ауыр жағдайда келді. Ол бірден жансақтау бөліміне жеткізілді. Оның жүрегі үш рет тоқтап қалды. Қайта-қайта жүрегін қайта соғуға тырысқанымызбен, науқасты аман алып қала алмадық", –  дейді Т.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығының токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов.

Қазір полиция "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыскер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, қыз әжесіне арналған жүрек таблеткаларын қабылдаған, бұл өлімге әкелуі мүмкін.

“Қазан айында сынып жетекшісі қыздың білегінің кесілгенін байқады. Анасын шақырдық. Қызды осы уақыт бойы психолог бақылаған. Дегенмен олар бұл қыздың жай ғана өзіне назар аудартуы деді. Бірақ мұндай жағдайдың барлығы мектепте бақылауға алынады. Анасына бәрі белгілі болған", – дейді жекеменшік мектеп директоры Юлия Корбан.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында мұғалім мен 8-сынып оқушысы арасындағы жанжалдың видеосы тараған еді.

Талқылау