Шымкентте коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан жігіт ұсталды
Шымкент полициясы коронавирус туралы жалған хабар таратқан қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әл -Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғынын анықтады, ол төтенше жағдайлар департаменті Өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу кезінде "Шымкент Плаза" сауда орталығында коронавируспен ауыратын науқастың анықталғаны туралы жалған ақпаратпен видео хабарлама жазып, WhatsApp мессенджері арқылы таратқан", - деді қалалық полиция департаментінде.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген, деп атап өтті департамент.
Жоспарлы өртке қарсы оқу- жаттығулар "Шымкент Плаза" СОО-да кеше таңертең өткізілген. Жас жігіт бұл оқиғаны әзіл үшін пайдаланбақшы болған: видеоға түсіріп, коронавирустың кесірінен адамдар "толығымен эвакуацияланды" деп мәлімдеген.
Кейіннен жігіттің кешірім сұраған видеосы жарияланды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі