Шымкентте ер адам досын өлтірген
Шымкентте ер адамдар төбелесіп, салдарынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"25 тамызда кешке Тұран ауданының полиция басқармасына Шымкент қаласының Тельман шағын ауданында жергілікті тұрғынның мәйітінің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жолға шықты. 40 жастағы ер адамның мәйітін тексеру кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды", – делінген хабарламада.
Полицейлер бұл фактіні ҚК 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тіркеді.
Ер адамдар арасында төбелес болып, олардың бірі қарсыласын нокаутқа жіберіп, кетіп қалған. Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған