Шымкентте ер адам көлігін 12 қабатты ғимараттың шатырына шығарып, дрифт жасаған (видео)
Видеодан скрин
Шымкентте көлігін 12 қабатты ғимараттың шатырына шығарып, дрифт жасаған ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкенттік жігіт кранның көмегімен автокөлікті 12-қабатты үйдің шатырына көтерген. Жүргізуші шатырда апатқа әкеп соқтыруы мүмкін күрделі маневрлер орындаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Шымкент қалалық полициясы желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады.
“Ер адам он тәулікке қамауға алынды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды”, – делінген полция хабарламасында.
Полиция қызметкерлері мұндай жауапсыз әрекеттер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін қатаң ескертіп, осыған ұқсас әрбір жайт заң аясында тоқтатылатыны атап өтті.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"