Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте "Cola" сусынынан 90 литрден астам еріген есірткі табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласында жүргізілген операция нәтижесінде есірткі алып жатқан жерінен осы арнаны ұйымдастырды деген күдікке ілінген шетелдік азамат ұсталды.

“Ауыр жүк көлігін тексеру барысында "Cola" сусынынан 90 литрден астам еріген есірткі табылып, тәркіленді. Сараптама арқылы сұйықтың құрамында тыйым салынған заттардың концентрациясы 80%-дан асатыны анықталды”, – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. 

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін есірткіні байланыссыз тәсілмен таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтар Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Алматыда ұсталғанын жаздық. 

Талқылау