Шымкентте бір жастағы бүлдіршін тоққа түсіп мерт болды
Шымкент қаласында бір жастағы бүлдіршін тоққа түсіп мерт болды. Бала пештің жанында ойнап жүріп, сымды қолымен ұстап алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне "103" қызметіне 15 тамызда 2021 жылы туған ұл бала электр тогы соғып қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға Қаратау ауданының Нұртас шағын ауданында Құлагер көшесінде жер үйде болған. Үйде ұзартқыш сымға жалғанған электр пеші болған.
“Бала пештің жанында ойнап жүріп, абайсызда қолымен электр сымын ұстап алған. Ол оқиға орнында көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр”, – деді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.
- Сегіз жастағы қыздың шашын бассейндегі су сорғыш сорып кеткен
- Өскеменде жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды
Ведомствоның мәліметінше, тамыз айында қалада электр тоғының әсерінен екі оқыс оқиға орын алған: 2013 жылы туған қыз зардап шегіп, 2021 жылы туған бала қайтыс болған.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларына баскөз болуға шақырады. Балалардың қауіпті электр қалқандарының, ашық электр сымдарының жанында ойнауына жол бермеу керектігін айтады. Тозған электр сымдарын дер кезінде ауыстырып, сақтық шараларын қолдану керек.