Сегіз жастағы қыздың шашын бассейндегі су сорғыш сорып кеткен
Францияда шашын бассейндегі су сорғыш сорып кеткен сегіз жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті Le Parisien басылымының хабарлауынша, қайғылы жағдай Ле-Сабль-д'Олон қаласында орын алған. Сол маңда болған құтқарушы оқиғаның куәгеріне айналған. Бассейннен шыға алмай қалған қызды құтқаруға жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер келген, алайда баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Қазіргі таңда қыздың өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті.
Еске салсақ, бұған дейін Оралда жағажайда орналасқан демалыс орындарының бірінде 5 жасар бала суға батып кеткені айтылған еді. Баланың ата-анасы ол сәтте дәмханада болған.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”