Шымкентте белгісіз бір топ адам төбелес шығарды (видео)
Шымкентте Қабанбай батыр даңғылында жастардың егде жастағы адамдармен қалай төбелесіп, оларды жерге ұрып-соғып жатқан оқиғасынан видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеода ер адамдардың бір-бірін жерге итеріп, құлатып, кейін аяусыз ұрып жатқандары бейнеленген.
“Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 293 бабы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы бар бір азамат полицияға жеткізілді. Қалған адамдарды ұстау шаралары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда”,- деді Шымкент қаласының полиция департаменті.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр