Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте баланы педофилден құтқарып қалған әйел марапатталды

Шымкентте өткен жылдың жазында баланы педофилден құтқарып қалған Оралкүл Айтжанова марапатталды. Оған алғыс хат табысталды.

Шымкентте баланы педофилден құтқарып қалған әйел марапатталды

Бұл туралы «Отырар» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Шымкенттің бас полицейі өз сөзінде әйелге алғыс білдіріп, табыс тіледі.

«Мұндай құрметтеріңізге рахмет! Алайда бұл әр азаматтың міндеті. Сол күні болған жайт бүгін болғандай есімде. Таза ауамен демалайын деп көшеде жүрген едім. Сол кезде баланың айқайлаған даусын естідім. Бірден жүгіріп барып, подъездің есігін қаға бастадым. Есіктің қалай алыпы кеткенін білмеймін, қарасам сол азғын тұр. Ол қашып бара жатқанына қарамастан ұра бердім. Ата-анасына хабарласып, айттым. Артынша азғынның артынан жүгірдім. Оны құлаттым. Бірақ шамам жетпеді. Құдай мұндайды ешкімнің басына бермесін», - дейді Оралкүл Айтжанова.

Еске сала кетсек, өткен жылдың жазында қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің подъезінде педофил кішкентай ұл баланы зорламақ болған еді. Оны көршісі құтқарып қалды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау