Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жантүршігерлік жағдай: Шымкентте үш баланың әке-шешесімен қоса денесі табылды

Бүгін Шымкентте 5 адам газға уланып қаза болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚазТрансГаз Аймақ

"Төтенше жағдайлар бригадасы оқиға орнын тексерген кезде қабырғаға орнатылған жылыту қазандығында түтін шығару құбыры болмағаны, қазандық корпусының жоқ екені анықталды. Қазандық автоматтан ажыратылған. Ал, бөлмеде желдету құбыры болмаған", - деп хабарлады "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі.

Оқиғаның себептері сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша нақтыланады.

Фото: ҚазТрансГаз Аймақ

"ҚазТрансГаз Аймақ" тұтынушыларды газ құралдарын пайдалану кезінде ерекше сақтық пен мұқият болуға шақырады. Қауіпсіздік кепілі - үйдегі мұржалар мен желдету арналарын уақтылы мерзімді тексеру және тазалау. Газды автоматты түрде өшіру арқылы табиғи және көміртегі газдарының шығып кетуіне жауап беретін дабылдарды орнату. Бұл қарапайым ережелер табиғи газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмауға көмектеседі.

Айта кетейік, бір күн бұрын Абай облысы Аягөз қаласында балалар газдан уланып, қаза болған еді. Олардың үлкен егіздер сегіз жаста. Ең кіші екеуі үш және екі жаста болатын.

Талқылау