Абай облысында бір үйдің төрт баласы өрт салдарынан көз жұмды
Абай облысында бір үйдің төрт баласы көміртегі тотығымен уланып, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Abainews Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Иллюстративті фото
Қайғылы оқиға 25 қазан күні сағат 11:00 шамасында Абай облысының Аягөз қаласында болды. Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы төрт баланың денесін тапқан.
8 жасар егіз бен олардың 3 және 2 жастағы інілері көміртегі тотығымен уланып, көз жұмды. Балалардың әкесі жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді және оқиға болған кезде ол жұмыста болған, ал анасы базарға азық-түлік алуға кеткен.
Қаланың жергілікті тұрғындары ата-аналарға көмек көрсету үшін қаражат жинап жатыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады