Шымкент пен Оралда көліктеріне "Z" әрпін жабыстырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оралда жергілікті журналист Лұқпан Ахмедияров жүк салғыш есігінде латын әріпіндегі "Z" жапырмасы бар көлікті видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральскую неделю" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 4 наурыз күні таңертең болған.
"Көліктің тізгінінде әйел адам болды. Мен одан "Көліктің артында қандай жапсырма тұр?" – деп сұрадым. Осыдан кейін ол түсіп, көлігіне қарап шықты. Әйел өте сыпайы екен, ол бұл жапсырманы күйеуінің жапсыруы мүмкін екенін айтты. Ол "Z" әрпін алып тастады да, әрі қарай жүріп кетті", – деп түсіндіреді оқиғаның мән-жайын журналист.
Ахмедияровтың айтуынша, оның "Z" әріпі бар көлікке назар аударғанының себебі, Украина аумағындағы соғысқа қатысқан ресейлік әскери техникаларда дәл осындай белгілер болған.
Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі көліктерден латын әріптерімен "Z", "V" немесе "O" жазылған жапсырмалар немесе жазулар табылса, ол көліктің жүргізушілері дереу тоқтатылып, себебін анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілетінін ескертті. Мұндай көлік жүргізушілерін тоқтату барысы видеоға жазылатын болады.
- Украинадан шыға алмай қалған жүк көлігі жүргізушілері елге оралатын болды
- Павлодар тұрғыны сәтсіз суреттерін желіге таратқандарды сотқа берді
Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкентте полицейлер артқы терезесінде "Z" белгісі бар көліктің жүргізушісіне айыппұл салған еді.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Kia Soul автокөлігінің жүргізушісіне 590-баптың 5-бөлігі (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Кейіннен жүргізушіге бес АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл салынған.
Ресей қорғаныс министрлігі өз кезегінде Instagram парақшасы арқылы Украинадағы арнайы операцияға қатысқан әскери техникаларда белгіленген латын әріптерінің мағынасын түсіндірді.
Ведомствоның мәліметі бойынша, "Z" – "Жеңіс үшін" деген мағына береді, ал "V" әрпі "Күш – шындықта (Сила V правде)" дегенді ұқтырса, сондай-ақ "Z" мен "V" Тапсырма орындалды" дегенді білдіреді екен.