AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар тұрғыны сәтсіз суреттерін желіге таратқандарды сотқа берді

Павлодар тұрғыны сәтсіз түскен суреттерін әлеуметтік желіге жүктегендерден өтемақы талап етуде. Оның суретін марафонға арналған “дейін” және “кейін” деген жарнамаға қолданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бойжеткеннің суретін құрбысы WhatsApp арқылы жіберуін сұрап, кейін үш суретті таңдап, статусына салған. Суреттің астына “қыздар, өздеріңе денсаулық, жастық сыйлаңдар”, “Қыздай құлпырыңыз” деп жазған. Басында бойжеткен құрбысына рахмет айтқан. Алайда кейін бұл суреттерді артық салмақтан арылуға арналған марофон жарнамасына коллаж ретінде қолданған кезінде құрбысынан желіден өшіруін сұраған. Құрбысы суретті өшіргенімен, желі пайдаланушылары оны көшіріп үлгерген және көп ұзамай Instagram желісінде сурет таралып кеткен. 

“Желіде арызданушының арығанға “дейінгі” және “кейінгі” суреті жария болған. Бойжеткеннің айтуынша, ол жерде дене келбеті жаман көрінген. Соның салдарынан түрлі адамдардың мазағына тап болған. Осыған байланысты ол күйзеліске ұшырап, моральды түрде денсаулығына әсер еткен. Уайымдап, қобалжыған”, –  деді Павлодар облысы сотының баспасөз қызметі. 

Бойжеткен жеке суретке қатысты құқықтардың бұзылғанын айтып, оның суреттерін таратқан құрбысын ғана емес, оларды көшіріп алып, аккаунттарына жариялаған тағы төрт қолданушыны сотқа берді. Келтірілген моральдық шығынды ол 800 мың теңгеге бағалаған. Сот өтемақы сомасын 60 мың теңгеге дейін азайтқан.

"Талапкер өтемақыдан бөлек, фотосуреттерді одан әрі жариялауға және таратуға тыйым салуды сұрады. Бірінші инстанция соты бұл бөліктен бас тартты, өйткені жауапкерлер оның талабынан кейін өз аккаунттарынан фотоколлажды өшіріп тастады", – деп түсіндірді сот.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр