Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзара ма – ІІМ жауап берді
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің айрықша тапсырмалар бойынша аға инспекторы Алтынбек Жамалиев шетелдік көліктерді заңдастыру туралы айтып берді. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аға инспектордың сөзінше, 1 шілдеге дейінкеліп түскен өтініштер әрі қарай да қарала береді.
"Айта кетейін, егер 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерсеңіз, бұл өтінішті әрі қарай да қарай береміз. Байбалам салудың керегі жоқ, әлі уақытымыз бар. Көлікті заңдастыру үшін 1 шілдеге дейін өтініш беру маңызды", – деді Жамалиев.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда 177 мың шетелдік көлік пен 10 мыңға жуық конструктор көліктер заңдастырылған. Заңдастыру туралы алдын ала рұқсат 13 мың көлікке берілген. Олардың 90%-ы алдағы уақытта елде тіркеледі деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда өзге елде есепте тұрған автокөлікті 5 жылға уақытша тіркеуге рұқсат берілген еді.
Қазақстанда биылғы оқу жылында оқушылар мен мұғалімдер үшін не өзгереді
Мұғалімдер мектептен тыс уақытта оқушы үшін жауап бермейді
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?
Заңгер қоғамдық орындардың адам қажеттілігін өтеуіне тыйым салуы заңға қайшы екенін алға тартты