Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шариғатта ЭКО-жасатуға рұқсат ете ме? Имам Қабылбек Әліпбайұлы жауап берді

Ислам дінінде ерлі-зайыптыларға ЭКО жасатуға рұқсат етіле ме? Бала сүйе алмаған некелі жұп табиғи жолсыз, суррагат ана жалдай ала ма? Имам Қабылбек Әліпбайұлы осы мәселелердің дініміздегі үкімін айтты. 

Жедел жәрдем көлігімен бара жатқан: Алматы облысында 16 жастағы жүкті қыз жол апатына түсті

Бүгінде ерлі-зайыптылар арасындағы бедеулік, белсіздік мәселесі өзекті. Мамандардың айтуынша, еліміздегі ерлі-зайыптылардың 15-20 пайызы бала сүю бақытына зәру. Табиғи жолмен бала сүйе алмаған жұптар медицинаға жүгінері хақ. Бұл ретте елімізде ЭКО жасату орталықтары жұмыс істейді. ЭКО арқылы өмірге келген сәбилер саны да көп. 

Ал ерлі-зайыптылардың ЭКО арқылы болуына шариғат рұқсат ете ме? Бұған қатысты дінімізде қандай үкім айтылған? 

“Шариғатта ЭКО жасатуға бір жағдайға ғана рұқсат етеді. Егер ерлі-зайыпты шын мұқтаж болса. Бала сүйе алмаса, баланы ЭКО арқылы сүю мүмкіндігі болса, оны жасауда тәжірибелі, сауатты мамандар болса - рұқсат етеді. Оның өзінің шарттары бар. Бір балаға ғана рұқсат етеді. Қыз болсын, ұл болсын бір балаға ғана рұқсат бар. Бір рет балалы болып, тағы 2-3 балам болса деп ЭКО жасатуға болмайды.  Себебі, қыз да, ұл да перзент. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұрпағы қызы Фатимадан тарап жатыр. Біз ұрпағымыздың кімнен тарайтынын білмейміз. Сондықтан екеуі де перзент деп саналады”, – деді  Қабылбек Әліпбайұлы.

Имам бұл ретте суррагат ана жалдаудың және ұрық сатудың харам екенін айтып өтті. 



“Кей жағдайда ерлі-зайыптылар суррагат ана жалдайды. Егер әйелдің денсаулығы келмей, күйеуінің ұрығын өзге әйелге салса, ол зина деп есептеледі. Немесе өзге ер адамның ұрығын әйелге салса, ол да зина. Тек некедегі ерлі-зайыптының бір-бірі үшін ұрығы адал болады. Басқа жағдайда рұқсат жоқ. Бастысы, Алладан үміт үзбеу керек. ЭКО арқылы өмірге келген баланы да Алла береді. Алла қаласа, ЭКО арқылы балалы боласың. Алла қаласа, ЭКО-сыз да балалы боласың. Пайғамбарлардың өзін Алла бала бермей сынаған. Қартайған, кексейген шағында барып балалы болған пайғамбарлар бар”, – деді ол. 

Әліпбайұлының айтуынша, ұрық сату мәселесі де ең харам дүние. Бұл тексіздіке апаратын жол. 

“Ер адамдардың ұрығын сату деген бар екен. Ақша үшін ұрығын сатады. Оны мамандар бірнеше әйелге салады. Бір әкенің ұрығынан бірнеше бала тарайды. Ертең сол балалар бір-біріне үйленеді. Тексіздік деген содан шығады. Бұл лас нәрсе”, – деді ұстаз.

Экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) дегеніміз – бедеулік кезінде қолданылатын көмекші репродуктив  технология. Мұндайда бала ананың денесінен сырт ұрықтандырылады. Анасы мен әкесінен қажетті генетикалық материал алынады. Лабораторияда ұрықтандырады, содан кейін эмбрионды арнайы инкубаторға ауыстырады. Егер жақсы дамып жатса, онда бірнеше эмбрионда әйелдің жатырына салады. Бұл процедураның сәттілігі шамамен 30-35% құрайды.

Қазақстанда 2010 жылдан бастап экстракорпоралдық ұрықтандыруға квота бөлінеді. Осы уақытқа дейін жеті мыңға жуық ЭКО жасалған, нәтижесінде 3 000 бала туылды. Ал ЭКО арқылы дүние жүзі бойынша 6,5 миллионнан аса бала дүниеге келген.

Мемлекет басшысы еліміздегі демографиялық жағдайды реттеу үшін 2021 жылдан бастап ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті есеге дейін өсіруді тапсырды. 

Талқылау