“Шаншар” театрының танымал актері Жүсіп Ақшора қызын ұзатты (фото)
“Шаншар” театрының белді мүшесі, танымал актер Жүсіп Ақшора қызын ұзатып, дүркіретіп той жасады. Отбасылық қуанышымен желіде актердің өзі бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
Жүсіп Ақшора қызы Айжанды Ерлан есімді азаматқа ұзатқан. Ол инста-парақшасына ұзату тойының суреттерін жариялап, қызына деген ақ тілегін өлеңмен өрнектеді.
“Болған едім сырласың да, ақылшың,
Деуші ең әркез – Әке, қымбат, жақынсың.
Балдәуренің бойжетті де бір күнде,
Туған үйден ұзап бара жатырсың.
…Тілегі осы саған айтар Әкенің,
Бойға жима жат қылықтың бөтенін.
Ұғына біл мына өмірде алдымен,
Жар болудың биік ұғым екенін.
Қызға міндет өмір осы жүктеген,
Сені алдан тосып тұрсын құт-мекен.
Буалдыр боп кетті Әкеңнің жанары,
Менен гөрі қайта анаң мықты екен”, – дейді актер.
Жіберіп алмаңыз:
Онсыз да сұлумын: Аша Матай бес тонна бояудан бас тартуға бекінді
Еспанов болашақ келіні жайлы естігенде баласын үйленбеуге көндірген (фото)
Айдарбекова: Дауысым жоқ болса да сахнада талай ән айттым, Жұлдызда үйреніп кетеді
Әріптестері 2 миллионға шетелдің әнін алған Бүркітті сынап тастады