Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шамамен 3 мың доллар: Президенттің баспасөз хатшысы Ұлттық қор есебінен балалардың есепшотында қанша қаржы жиналатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейін балалардың есепшотында қанша ақша жиналатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Руслан

Руслан Желдібай аталған бағдарламаның балалар жылы аясында іске қосылатынын еске салып өтті. 

“2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады.

Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады”, – деп жазды ол өз Facebook-парақшасында.

"Сондай-ақ есепшот шетел валютасында болатынын да айта кеткен жөн. Сонымен қатар, жинақтың үстінен пайыз қосылып отырады. Бұл шаралар қаражатты инфляциядан сақтайды", - деп жазды Руслан Желдібай.



Еске салайық, QazTrading Telegram-арнасы балалардың жинақтаушы шотына жыл сайын 125 мың теңге түсуі мүмкін екенін мәлімдеген. Егер қордың инвестициялық табысы артса, кәмелетке толғанша 2,5-3,5 миллион теңге жиналатынын хабарлаған. 

Талқылау