Елімізде 2023 жылы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл Президент сайлауы, келесі жылы - Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы болады. Содан кейін үкімет жасақталады",- деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2023 жылдан бастап Президенттің, Парламенттің және үкіметтің барлық негізгі саяси институттары қайта іске қосылады және жаңартылады.
"Біз ашық бәсекелестік пен барлығына тең мүмкіндіктер бар әділ Қазақстанды құрып жатырмыз. Транспаренттік, адалдық және өзара сенім режимінде ауқымды саяси реформаларды жүргізу өте маңызды. Жаңа сайлауды өткізу уақыты мен реттілігін жұртшылыққа жария ету ашықтық принциптеріне сәйкес келеді”, – деп қосты президент.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"