Қазақстанда әрбір баланың Ұлттық қордан ақша аударатын есепшоты болады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында балаларға арналған жаңа қор жүйесін ұсынып, ұлттық қордан қаражат бөлінуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Әрбір отбасы ел байлығынан өз үлесін алуы қажет. Мен жариялаған балалар жылы асында түбегейлі жаңа бағдарламаны балаларға арналған Ұлттық қорды іске қосуды ұсынамын. Бұл арқылы Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалардың әлеуметтік жинақ шотына аударылуы қажет. Бала кәмелетке толмайынша бұл жиналған қаражат алынбайды”, – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағдарламаның келешекте балаларға тұрғын үй мен білім алуына жұмсалатынын айта кетті.
“Бұл өскелең ұрпақтың үлкен өмірге сенімді аяқ басуына жолдама болады. Қор ұлттық мәртебеге ие болып, халыққа қызмет етеді”, – деп қосты президент.
Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ