Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шахта жабдықтары жылжып кеткен": Министр Шәріпханов Костенко шахтасында қандай заңбұзушылықтар болғанын айтты

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты Костенко шахтасындағы жағдайды баяндап, қандай заңбұзушылықтар орын алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Оның айтуынша, жеке су басқан тау-кен қазбаларына құтқару жұмыстарына айтарлықтай қиындық туғызған. Үйінділерді тазалап, қаза болғандардың денелерін табу да оңайға соқпаған.

“Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ, газдық жағдай қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізілуде”, – деді министр.

Министр апаттың себептерін тергеп-тексеру үшін үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түскенін жеткізді. 

“Біз өте маңызды бұзылуларды анықтадық. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен. 15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету құрлыстары қираған. Қазіргі уақытта тағы 7 шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр”- деп баяндады Сырым Шәріпханов үкімет отырысында. 

Министрдің сөзінше, тергеуге Қазақстаннан және шетелдерден сараптамалық ұйымдар тартылған. Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"30 қазаннан бастап (сағат 14.00-ден бастап) Қарағанды облысының бес шахтасында (Абай, Саран, Шахтинск, Күзембаев және Ленин атындағы) өндіру процестері қайта жанданды. "Тентек" шахтасында тек дайындық жұмыстары жүргізілуде. "Қазақстан" шахтасында оның тіршілігін қамтамасыз ету және аэрогаз жағдайы бақылауда", - дейді ол.

Талқылау