"Серуендеуге шыққан": Ақтөбеде жоғалып кеткен екі қыз Алматыдан табылды
Ақтөбеде жоғалып кеткен екі қыз Алматыдан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Наурыздың 14-і күні 19 және 20 жастағы екі қыздың туыстары қыздардың жоғалып кеткені туралы арызбен полицияға жүгінген. Айтуларынша, қыздар үйден шығып, қайтып оралмаған, телефон қоңырауларына жауап бермеген.
"Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде жоғалған қыздарды Ақтауда көргендерден ақпарат келіп түсті, бірақ қыздарды Ақтаудан табу мүмкін болмады. Екі аптадан кейін екі қыз Алматыдан табылды, олар полиция бөліміне жеткізілді. Қыздар жай ғана серуендеуді кеткендерін және туыстарына ескертпегендерін айтады", - делінген полиция хабарламасында.
"1 миллион теңге талап еткен": Топ болып қыз зорлағаны үшін 15 жылға сотталған жігіттердің жақындары сот шешіміне қарсы шықты
Жәбірленушінің денесінен сызат, көгерген іздер мен жарақаттар анықталмаған
“Аула сыпырушы блогер ата”: “Қайратқа” 47 жылдан бері жанкүйер алматылық қария желі жұлдызына айналды
Дмитрий: "Алдағы уақытта “Қайрат” академиясына аула тазалаушы болып кіремін"