Серік Күдебаев Қазақстан шекарасынан ресми пункттер арқылы өтпеген - ҰҚК
Серік Күдебаевтің Қазақстан шекарасынан ресми пункттер арқылы өтпегені анықталды. ҰҚК Шекара қызметі мәселеге қатысты тексерісті бастады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Серік Күдебаев ресми түрде Қазақстанның шекарасынан өткен жоқ. Қазіргі таңда Қырғызстанның мемлекеттік шекарасына сұраныс жібердік. Ресми жауап әлі келген жоқ. Шекара қызметі тексерісті бастады. Сонымен қатар, Бас Прокуратура бұл мәселе бойынша қылмыс іс қозғады. Тексеріс жұмысы қанша уақытты алатыны әлі белгісіз”,- деді Ерлан Алдажұманов.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта шекара қызметінің директоры Қырғызстаннан басқа елге іздеу жұмыстары жөнінде сұраныс жіберілмегенін атап өтті.
Еске салайық, 3 сәуірде Талдықорғанда өткен сот отырысында Серік Күдебаевтың қылмыстық ісін тоқтатып, оған халықаралық іздеу жарияланған еді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді