Қазақстан тарихта алғаш рет УЕФА Суперкубогын қабылдайды
2028 жылы футболдан УЕФА Суперкубогы үшін матч Астанада өтеді. Шешім УЕФА-ның атқарушы комитетінің Салоникиде өткен отырысында шешім қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еуропаның екі үздік клубын кездестіретін ойын “Астана Арена” стадионында ұйымдастырылады. 30,2 мың көрерменге арналған бұл стадионда “Астана”футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасы үй матчтарын өткізеді.
Айта кетерлігі, Еуропаның клубтық турнирлері аясындағы мұндай деңгейдегі жүлделі матч Қазақстанда алғаш рет өтпек.

2028 жылғы УЕФА Суперкубогында 2027/28 маусымындағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі. Осылайша, қазақстандық жанкүйерлер Еуропаның ең мықты екі клубының ойынын елордада тамашалауға мүмкіндік алады.
Ал 2027 жылғы Суперкубок матчы Амстердамдағы әйгілі “Йохан Кройф Аренада” өтеді.
Сондай-ақ УЕФА 2028 жылғы өзге де ірі турнирлердің финалдарын қабылдайтын қалаларды жариялады. Чемпиондар лигасының финалы Мюнхенде, Еуропа лигасының шешуші ойыны Бухарестте, ал Конференциялар лигасының финалы Туринде өтеді.
Мақаланың астына қысқаша түсініктеме ретінде:
УЕФА Суперкубогы – Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездесетін жыл сайынғы футбол матчы.