БАҚ: Қаңтар оқиғаларынан кейін сотталған генерал Серік Күдебаев елден қашып кетті
Қазақстандық БАҚ-та Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал Серік Күдебаевтың елден қашқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін генерал Серік Күдебаевтың сот отырысына бірнеше рет келмегені үшін сәуірдің 3-і күні сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетіні хабарланған болатын.
Айыптаушы тарап Алматы облыстық полициясының бұрынғы басшысын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Еске салайық, Серік Күдебаев Қазақстандағы ең танымал полиция басшыларының бірі болған. Ол 2020 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Күдебаев 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"