Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда “Сергек” камераларынан бюджетке 27 млрд қаржы түскен

Алматыдағы Сергек камераларынан соңғы үш жылда қанша қаржы түскені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: sergek.tech

Мәслихат сессиясында Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жаңабек "Сергек" жобасының оң нәтиже көрсеткенін атап өтті.

"2020 жылдан бастап "Сергек" камералары арқылы 4 млн 996 мың 691 әкімшілік жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді, жалпы соммасы 35 млрд 614 млн 748 мың теңге айыппұл салынған. Жергілікті бюджетке 27 млрд 532 млн 297 мың теңге өндірілді", – деді Олжас Жаңабек. .

Сондай-ақ, бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 17 пайызға, жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болғандар 40 пайызға, зардап шеккендер саны 30 пайызға азайған.

"Алматы жол қозғалысы қауіпсіздігінің және талдауының интеллектуалды жүйесі" мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында қалада барлығы 7900-ге жуық "Сергек" камерасы орнатылған.

Талқылау