Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сені іздедім талай жыл": Бидің түбін түсірген Мақпал Жүнісова мен Арман Дүйсенов жұртты күлдірді (видео)

Бидің түбін түсірген Мақпал Жүнісова мен Арман Дүйсенов жұртты күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тойлардың бірінде Мақпал Жүнісова "Сенім шырағы" атты әнін орындап Арман Дүйсенов екеуі әбден билеген. Бұл бейнежазбаны Арман Дүйсенов желідегі парақшасында бөлісіп, жазба қалдырған. Ол Мақпал Жұнісоваға деген сыйластығын осылай білдірген сыңайлы.

"Аяулы Мақпал апайым екеуіміз кездессек болды, осы", - деп күлді Арман Дүйсенов.

Жүрттың көзінше бидің түбін түсірген жұлдыздар желідегілерді таңқалдырды. Оларға Мақпал Жүнісова мен Арман Дүйсеновтың биі ұнап қалған сияқты. Жұрт бірінен кейін бірі пікір жазып, ойларын ортаға салды.

"Керемет билейді екенсіздер. Өте жарасымды", "Мақпал апайдың жүрген жері той-думан", "Би де әдемі, ән де керемет", "Апамыз жүз жасасын", "Екеуіңіз де сондай кереметсіздер, өздеріңізді еркін ұстайсыздар", "Қандай бақытты жансыз. Мақпал апамызбен билеудің өзі бір ғанибет қой", - деп жазды желідегілер.

Талқылау