Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузияда жоғалып кеткен баланың туыстары жеткіншек жайлы: "Ол - өте сенгіш бала"

13 жастағы алматылық Илья Пилпаниді іздеу жұмыстарын Грузия ІІМ тұрақты бақылауына алған. Бұл туралы "Астана Таймсқа" қазақстандық СІМ баспасөз хатшысы Нұрбек Алмашов мәлімдеді. Оның айтуынша, ведомство баланың анасына Грузияға баруға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Анасы, әкесі, Ильяның өзі де - Қазақстан азаматтары. 

Илья Пилпани

"Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі елдің ІІМ-мен байланыс орнатты, қазір баланы іздестіру жағдайы шетелдік мекеменің тұрақты бақылауында. Қазір бүкіл әлем бойынша қатаң карантиндік шаралар қабылдануда. Шекаралар жабық. Бірақ осыған қарамастан, біз баланың анасының Грузияға келуіне көмек көрсетуге тырысамыз", - дейді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұрбек Алмашов. 

Баланың тәтесі Евгения Гладырь хабарлағандай, қазір анасы қаражат табу үшін Дубайға жүр. Илья Грузияға Алматыдан демалысқа келген. Бірақ пандемия салдарынан қайта оралу мүмкін болмаған. Бала 18 шілдеде жоғалып кеткен, бұл туралы полицияға оның әкесі хабарлаған. 

Соңғы рет жеткіншекті Ленжери аулында көрген. Қазір Ильяны 50 құтқарушы мен жергілікті тұрғындар іздестіруде. Іздеуді тікұшақтан де жүргізеді. Туған-туыстары олардың ұлы мен немере інісі аман екеніне үмітті.

"Өзі тыныш бала, бірақ аздап сенгіш, мұндай ешқашан болған емес. Ол қиын бала емес. Салмақты, мойынсұнғыш. Мен тіпті қайда, қай жерде екенін де білмейміз. Біреу жолда алып кетті ме", - дейді тәтесі Евгения Гладырь.

Есе салсақ, Грузиядағы туыстарына қонаққа келіп, карантинге байланысты ұзақ уақытқа қалып қойған 13 жасар қазақстандық Илья Пилпани 18 шілдеде таңертең велосипед серуендеу үшін үйден кетіп, қайтып оралмаған.

Талқылау