Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузияда 13 жастағы қазақстандық жасөспірім жоғалып кетті

Грузиядағы туыстарына қонаққа келіп, карантинге байланысты ұзақ уақытқа қалып қойған 13 жасар қазақстандық Илья Пилпани 18 шілдеде таңертең велосипед серуендеу үшін үйден кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Илья Пилпани

Баланың жоғалып кеткені туралы хабарды төтенше жағдайлар қызметі 19 шілдеде алған. Соңғы рет Ильяны Ленжери ауылында көрген.

Құтқарушылар аумақты аралап жатыр, айналасы тікұшақтан да тексерілуде. Жергілікті тұрғындар мен полиция оларға көмектесіп жүр, бірақ іс әзірге нәтиже бермеді.

Оның анасы Ксения Пилпани болуы мүмкін жағдайлардың нұсқасын құрастырды.

Илья Пилпани - қазақстандық, қыста Алматыдан әкесінің туыстарына демалысқа барған, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанға қайтып оралмады.

"Мен оның ешкіммен сөйлеспегенін нақты білемін, өйткені грузин тілін білмеген, достары болмаған. Бір жерде оның велосипедін тапты деп жазды, бірақ бұл да шындық емес", - дейді оның анасы Ксения Пилпани.

Әйел Илья велосипедпен серуендеуді жақсы көретінін, сондықтан Грузияда да оған велосипед сатып алғанын айтты.

"Ол 13 жаста, осы кезеңде жасөспірімдерде өтпелі жас болады, Ильяда да  қиындықтармен басталды. Біз оның наразылық білдіргенін жоққа шығармаймыз, оның жағдайы жақсы және ол бір жерде жасырынып жүр деп үміттенеміз", - дейді баланың анасы.

Оның тағы бір нұсқасы - Илья Сванетиден Тбилисидегі тәтесінің үйіне велосипедпен баруы мүмкін.

"Біз жыл сайын Сванетиде демалып, ол жерден Тбилисиге машинамен, маршрутпен барып, қайтатынбыз - ол осы жолды біледі", - дейді әйел.

Алматы тұрғыны Грузияға шұғыл бару тәсілін іздеуде, бірақ шекаралар жабық, ал оның Грузия азаматтығы жоқ.


 

 

Талқылау