Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сендерге есеп беруге міндетті емеспін! Мені сайлаған сендер емес!": Депутат Божко халыққа есеп беруге міндетті емес екенін айтты

Жуырда әлеуметтік желілерде белсенді отыратын депутат Владимир Божкоға қоғам белсенділерінің бірі қайда жүргенін анықтамақ болып, сұрақ қойған. Бірақ сұрақ көңілінен шықпаса керек, "халық қалаулысы" "мені сайлаған сен емес" деп жауап беріпті. 

"Каникулда не бітіріп жатсыңдар? деген қоғам белсендісі Бахытжан Төреғожинаның сұрағына бұрқырай жөнелген Божко: "Сендерге есеп беруге міндетті емеспін! Мені сайлаған сендер емес! Жұмыс берушім де сіз емес" деп шорт кесіпті. Сонымен қатар оның сол постына Саке Азамат деген кісі "Дардай шенеуніксіз. Неге сонша қате, қисынсыз жазасыз? Бәлкім, сізге сауатты жазатын көмекші алған жөн болар" деген пікір қалдырады. Бұл пікірге де Божко  "сіздерге ештеңе жақпайды. Ресейліктердің қазақстандықтарға көмек бергені де жақпайды. Сіз сияқтыларға Украинаның қоқысқа толған көрінісі ұнайды" деп жауап берген. 

Ресей туралы ешқандай жазба қалдырмаған Азаматқа депутаттың былай неге жауап бергені белгісіз. Сөз соңында Божко "сіз сияқтылар ел басқаруға келсе, елді құрдымға кетіреді" деген қорытынды жасаған.  

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада әлеуметтік желілерде қиын-қыстау кезеңде депутаттар қайда жүр деген сауал көтерілген болатын. Тек бірең-сараң халық қалаулысы жауап беріп, қайда жүргендерінен есеп берді. 

 

 

Талқылау