Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен менің кім екенімді білесің бе?": Сейфуллин Жолбарыстың дүкендегі сатушыны балағаттаған видеосы тарап кетті

Әнші Сейфуллин Жолбарыс желіде қызу талқыға түсті. Оның дүкен сатушысымен ерегескен сәті желіде жария болды. Балағат сөз айтқан әншінің бұл әрекетіне беретін бағасы қандай? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі altyn-orda.kz порталына сілтеп хабарлайды. 

Сейфуллин Жолбарыстың көмекшісі Stan.kz тілшісіне берген жауабында бұл видеоның ертеректе түсірілгенін айтты. 

"Бұл бұрын түсірілген видео. Осы оқиғаға қатысты ешқандай пікір айта алмаймыз. Хайп, не шын болған оқиға екенін де айта алмаймыз", - деп қысқа қайырды әншінің көмекшісі. 

Желіде тараған видеодан әншінің азық-түлік дүкенінде шу шығарғанын көруге болады. Әлденеге ашуланған ол сатушы жігітті балағаттай жөнелді. Ақырында өзінің Сейфуллин Жолбарыс екенін атап көрсетеді. 

"Сен менің кім екенімді білесің бе өзі? Мен Сейфуллин Жолбарыспын. Сен сыртқа шықшы, дұрыстап сөйлесейік. Сен өзі кім деп тұрсың мені? Сен кімді балағаттап тұрсың", - дейді кадрда. 

Дүкен сатушысы онымен сөйлесуге құлық танытпады. Бұл әншіні одан әрі ызаландыра түсті. 

Сейфуллин Жолбарыс 22 жасынан бастап таныла бастады. Ол кезде Қазақстан тобында мүше болды. Кейін жеке әнші болып шықты. Екі рет үйленген. 4 баланың әкесі. 

Әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнамай қалды.

"Қазақ атақты көтере алмай қалады", "Бұрын бұндай видео көрмедім, соңғы кезде түсірілген видеоға ұқсайды", "Кімнің кінәсі бар екенін ешкім білмейді, бірақ аузына келгенін айту дұрыс емес өнер өкілі бола тұра", "Мас секілді ғой, өзі не деп ақталар екен", - деп жатты олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр