Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейлік шенеунік карантин талабын бұзып той өткізді деген күдікке ілінді

Семейлік шенеунік қалада орналасқан мейрамханалардың біріне той өткізді деп желіде тараған ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Arnapress.kz-ке сілтеме жасап.

Жасырын мейрам өткізілгені жайлы ақпарат Instagram әлеуметтік желісінің жергілікті typicalsemey парақшасында пайда болған. Сонымен қатар осы мәліметте той иесі саналатын шенеуніктің бақылау топтарының жұмысын қадағалайтыны айтылады.

"Алынған ақпарат бойынша, кеше қаладағы әнші Айқын өнер көрсеткен үлкен мейрамханалардың бірінде Семей қаласы әкімдігінің бақылау топтарының жұмысын бақылайтын бөлім басшыларының бірі жиеніне арналған той іс-шарасын өткізген. Үйлену тойына қаланың "элитасы" түгел қатысқан. Демек, өздеріне болады да, ал басқаларына тыйым ба?", – деп жазылған мәлімдемеде.

Сонымен қатар парақшаның әкімшілігі, егер бұл заң бұзушылық жазасыз қалса, қонақтардың тізімін, сондай-ақ тойдан алынған фотосуреттер мен бейнелерді жариялауға уәде береді.


Теміртауда той қонақтары мониторингтік топтан егістік алқабы арқылы қашқан (видео)


Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл оқиғамен айналысып жатқанын айтып өтті.

"Бұл факт бойынша материал Семей қаласының полиция бөлімінде белгіленген тәртіпте тіркелгенін және тиісті шешім қабылдау үшін Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жіберілгенін хабарлаймыз", – деп деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті материалдың өздеріне келіп түскенін растады.

"Тексеру жұмыстарын бастап жатырмыз, тойхана иесін шақырып тойды ұйымдастырушы кім екенін анықтаймыз. Әзірге біз оның кім екенін нақты білмейміз. Бұл іспен менің орынбасарым Нұржан Ноғайбаев айналысады", – деп түсіндірді Семей қаласының бас санитарлық дәрігері Берік Тлебалдин.

Оның айтуынша, тексеру жүргізіліп жатқан мейрамхана “Тайқазан” деп аталады.


Нұр-Сұлтанда үйлену тойын жасаған тағы бір блогер жазаланатын болды


 

Талқылау