Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда үйлену тойын жасаған тағы бір блогер жазаланатын болды

Қазақстандық тағы бір блогерлер тобының видеосы желіде тарап кетті. Нұр-Сұлтан полициясы той жасаған кінәлілер жазаланатынын айтты.

Айханым есімді арумен үйленген блогер Ислам Жанабылов той суреттерін желіде жариялады. Оның әріптесі, әрі бауыры Ерболат Жанабыловтың парақшасында тойдан естелік суреттер жария болды. Ал Stories күйеу жігіттің парақшасыда жария етілді.

Мерекеге көптеген қонақтар, сонымен қатар әртістер мен бишілер қатысты. Той мейрамханада өтті.

Бұл той қонақтарының ешқайсысы бетперде тақпаған. Әлеуметтік қашықтық сақталмаған. Елордалық полиция бұл оқиға бойынша түсініктеме берді.

"Инстаграм әлеуметтік желісінің мониторингі кезінде полицейлер қазақстандық блогерлердің қатысуымен үйлену тойында түсірілген видеоны жариялады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген қолданыстағы тыйымға қарамастан, бұл той кең ауқымда өтті. Үйлену тойы астананың сол жағалауындағы Қорғалжын тас жолындағы мейрамханада өткені анықталды", – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ІІБ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары той жасағаны үшін кім жазаланатынын айтты.

"Мейрамхана иесіне, блогерге және тойдың басқа қатысушыларына қатысты жиналған материал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті карантинді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді және санитарлық нормалардың сақталуын еске салады", – деп қорытындылады полиция департаментінде.

Естеріңізге сала кетейік, 8 тамызда Royal Tulip Almaty қонақүйінде көптеген қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен Black Star Burger орталығының ашылуы өткен еді. Сол іс-шараға қатысқаны үшін әнші Луинаның да басы дауға қалғанын, Бүркітке айыппұл салынғанын хабарлаған едік. 

Талқылау