Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздардың қатысуымен ашылған бургер орталығы: Әнші Луинаның басы дауға қалды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматыда бургер орталығының ашылуын ұйымдастырушылар мен шараға қатысқан жұлдыздарға айыппұл салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

8 тамызда Royal Tulip Almaty қонақүйінде көптеген қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен Black Star Burger орталығының ашылуы өткен. 

Алматы қаласы ДСЭК басшысының орынбасары Садвақас Байғабұлов атап өткендей, ойын-сауық мекемелерінің иелері әкімшілік жауапкершіліктен және ірі айыппұлдардан сытылып кету үшін жеке адамдарға немесе әртүрлі жеке кәсіпкерлерге бұл орындарды жалға береді.

"Royal Tulip Almaty қонақүйінде шектеу және карантиндік талаптарды бұзу фактісі бойынша әкімшілік өндірісті қарау барысында мыналар анықталды: шектеулі карантиндік талаптардың бұзылуын ұйымдастырушы – ЖК Култасов Е.М. Royal Tulip Almaty ол азаматқа келісім бойынша жаздық алаңшасын жалға берген" , – деді ДСЭК басшысының орынбасары Садвақас Байғабұлов.

Жеке кәсіпкерге "Халықтың санитарлық -эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша хаттама толтырылып, шара қолданылды. Айыппұл 230 АЕК-ті (670 мың теңге) құрауы мүмкін.

Сонымен берге Садвақас Байғабұлов шараға басқа қатысушылар қолға түскен ақпараттар бойынша анықталатынын айтты. Әзірге қонақүй менеджері, әнші Луина мен оның жұбайына 30 АЕК (шамамен 87 мың теңге) көлемінде хаттамалар толтырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мониторингтік тобы осы оқиға бойынша материалдарды Медеу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау дирекциясына іс қозғау үшін бергенін хабарлаған болатын. 

Талқылау