Таразда түлектер кортежі басқа жолаушыларға жолда кедергі келтірген

Фото: Polisia.kz
Тараздағы мектеп бітіру кеші 19 әкімшілік айыппұлмен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тараздық мектеп оқушылары оқу жылының аяқталуын сән-салтанатпен қарсы алуды ұйғарып, автошеру ұйымдастырған. Салдарынан кортеж басқа жүргізушілерге кедергі келтірді. Себебі кортеж ереже бұзып, жолда қауіпті жағдайлар туғызды.
Полиция әртүрлі заң бұзушылықтар бойынша автокөлікті дұрыс пайдаланбаудан бастап қауіпті маневрлер мен басқаларға қауіп төндіргені үшін 19 хаттама толтырды.
Алматы әкімінің сән-салтанатты кортежі қазақстандықтардың ашуын туғызды (видео)
"Бітіру кезеңінде жаппай кортеждер, жол қозғалысы ережелерін бұзу мүмкін болатынын біле тұра, алдын ала бақылау шараларын күшейттік. Қала көшелеріне қосымша автопатрульдер қойылды", – деді Тараз қалалық патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"