Израиль Газадағы атысты 60 күнге тоқтатуға келісті

Фото: Istock.com
Израиль Газа секторында 2 ай атысты тоқтатуға келісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп қақтығысты толық тоқтатуға үмітті.
Трамп Израиль мен Иранның атысты тоқтатуға келіскенін мәлімдеді
“Менің өкілдерім бүгін Газа мәселесі бойынша израильдіктермен ұзақ және нәтижелі кездесу өткізді. Израиль 60 күндік атысты тоқтату туралы келісімді аяқтау үшін қажет шарттарға келісті, біз барлық тараппен соғысты тоқтату үшін жұмыс істейміз”, – деді Трамп.
Еске салсақ, бұған дейін Израиль Газаның солтүстігіне шабуыл жасауға дайындалып жатқаны айтылды.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?