Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Бүркітке бургер орталығының ашылуына қатысқаны үшін айыппұл салынды

Алматыда дәмхананың ашылуына орай ұйымдастырылған ауқымды шараға қатысқаны үшін тағы бір қазақстандық әнші жазаланды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың хабарлауынша, бұл жолы айыппұл әнші Бүркітке салынған. 

“Алматыда бургер дүкенінің ашылуына байланысты жаппай шараға қатысқаны үшін тағы бір қазақстандық әнші Бүркітке айыппұл салынды”, – деп хабарлайды Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов. 

Байғабұловтың айтуынша, әнші Бүркітке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады – айыппұл мөлшері 30 АЕК болды. Яғни 87 500 теңге. 

"Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың қалған бөлігінде мониторингтік топтар шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізуде, оларға әкімшілік шаралар да енгізілетін болады", – деп қосты ҚҚДБ басшысының орынбасары. 

Сол іс-шараға қатысқаны үшін әнші Луинаның да басы дауға қалғанын хабарлаған едік. 

Естеріңізге сала кетейік, 8 тамызда Royal Tulip Almaty қонақүйінде көптеген қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен Black Star Burger орталығының ашылуы өткен. 


Талқылау