Семейде Ертіс бойында сегіз жасар қыз жоғалып кеткен
Семейде Ертіс өзенінің жағалауында сегіз жасар қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 36 жастағы Семей тұрғыны тәртіп сақшыларынан әкесімен бірге таңертең өзенге кетіп, сол күйі табылмаған 8 жасар қызды табуға көмектесуін сұраған. Кейіннен анықталғандай, баланың әкесі таныстарымен бірге ішімдік ішіп отырып, қызын көзден таса қылған.
"Әйелдің өтінішінен кейін қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы мен Ұлттық ұлан сарбаздары "дабыл" белгісі бойынша кәмелетке толмаған баланы іздеуге жұмылдырылды. Іздеу шаралары түні бойы жүргізілді", – деді ПД өкілдері.
Қуанышқа орай, бала аман-есен сол күні өзен жағасында болған әйелдің үйінен табылды. Қыз бала анасымен қауышып, үйіне қайтарылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі