Сексолог опасыздықтың үш белгісін атады
Клиникалық психолог, сексолог Елена Перелыгина қарым-қатынаста опасыздықтың үш негізгі белгілерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Федералды жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.
Перелыгина "Патриот" медиа орталығының баспасөз конференциясында "Тыйым салынған жыныстық қатынас. Күнәнің және азғындықтың астыртын индустриясы" тақырыбына тоқталған.
Сарапшы серіктес жаңа әдеттерге ие болса, сақ болу керек екенін айтады. Сексолог адамның кенеттен өзіне деген махаббаты ашылып, киім үлгісін ауыстырғысы келсе, опасыздықтың екінші белгісі болуы мүмкін екенін айтады.
"Әйелдер, косметологқа барады. Олар өздеріне жаңа заттар, іш киім, жаңа аяқ киім, парфюмерияны сатып ала бастайды. Яғни, егер әйел бұрын өзіне күтім жасамай, бірден осындай әрекеттер жасаса, күдік тудыруы мүмкін", - дейді Перелигина.
Перелигина сонымен қатар серіктестің либидосы жоғарылап, гиперактивті болып кетсе, опасыздық белгісі болуы мүмкін екенін айтады.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”